Функционалдық сауаттылықты дамыту — басты назарда

09.04.2026

Мектебіміздің 4-сынып оқушылары bilimcenter.kz платформасында оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша әкімшілік тестілеуден өтті. Тест нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіліп, әр оқушының білім сапасы мен деңгейі сараланды. Талдау қорытындысы негізінде пән мұғалімдеріне оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар берілді. Жұмыстың басты мақсаты — білім олқылықтарын анықтау және түзету жұмыстарын жүйелеу.

 

Жауаптылар: Н.А. Кенежанова, А.Ж. Байжанова


      

Просмотров: 146


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу